17 сағат бұрын
Бүгін сегіз қазақстандық боксшы медаль үшін айқасады
Бүгін, 19 маусымда Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Кубок әлемінің екінші кезеңінде Қазақстан құрамасының сегіз боксшысы ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді.
Жартылай финалға жолдама алған спортшылар кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етеді. Сондықтан бүгінгі кездесулер қазақстандық боксшылар үшін аса маңызды болмақ.
Медаль үшін рингке Санжар Ташкенбай, Тимур Нұрсейітов, Виктория Графеева, Лаура Есенкелді, Абылайхан Жүсіпов, Аида Әбікеева, Алуа Балқыбекова және Айбек Оралбай шығады.
Таңғы сессия (09:00-ден бастап)
А рингі:
- 50 кг. Санжар Ташкенбай – Анваржан Ходжиев (Қырғызстан);
- 75 кг. Тимур Нұрсейітов – Рами Киван (Болгария).
В рингі:
- 60 кг. Виктория Графеева – О Ён Джи (Оңтүстік Корея);
- 70 кг. Лаура Есенкелді – Лю Янь (Қытай);
- 70 кг. Абылайхан Жүсіпов – Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан).
Кешкі сессия (15:30-дан бастап)
А рингі:
- 51 кг. Алуа Балқыбекова – Минакши (Үндістан);
- 65 кг. Аида Әбікеева – Мари Росендо (АҚШ);
- +90 кг. Айбек Оралбай – Мэттью Уильямс (Англия).
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Қытайдағы турнирге жалпы 17 боксшымен (9 ер, 8 әйел) қатысуда. Жарыс 21 маусымға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан