Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

17 сағат бұрын

Виктория Графеева үш дүркін Азия чемпионын жеңді

Виктория Графеева үш дүркін Азия чемпионын жеңді

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Кубогы кезеңінде жартылай финалға жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақта ширек финал кезеңінде Графеева Оңтүстік Корея өкілі, Азия ойындарының чемпионы және Азияның үш дүркін жеңімпазы О Ён Джимен жұдырықтасты.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Графеева жартылай финалға өтіп, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Виктория Графеева — 2024 жылғы Азия чемпионы және әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан