Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

16 сағат бұрын

World Boxing: Лаура Есенгелді қытайлық спортшыға есе жіберді

World Boxing: Лаура Есенгелді қытайлық спортшыға есе жіберді

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Лаура Есенгелді Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем кубогының екінші кезеңінде ширек финалдық жекпе-жек өткізді.

Отандасымыз жартылай финал жолдамасы үшін қытайлық спортшы Лю Яньмен қолғап түйістірді. Тартысты өткен кездесуде төрешілер жеңісті бірауыздан (5:0) қытайлық боксшыға берді.

Осылайша Лю Янь жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті. Ал Лаура Есенгелді жарысты жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, Гуйяндағы әлем кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында өтуде. Қазақстан бұл жарыста 17 спортшымен (9 ер, 8 әйел) сынға түсті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан