15 сағат бұрын
Санжар Ташкенбай қарсыласын айқын басымдықпен жеңді
Қазақстан құрамасының боксшысы Санжар Ташкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем кубогының екінші кезеңінде сәтті өнер көрсетті.
Ол жарысты ширек финалдан бастап, 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті Ташкенбайға берді.
Осы нәтиженің арқасында қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола медальді қамтамасыз етті.
Айта кетейік, Санжар Ташкенбай – 2023 және 2025 жылдардағы екі дүркін әлем чемпионы, сондай-ақ 2022 жылғы Азия чемпионы.
World Boxing ұйымының әлем кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында өтуде. Қазақстан бұл жарысқа ерлер және әйелдер құрамасымен қатысуда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан