14 сағат бұрын
Абылайхан Жүсіпов өзбек боксшысын айқын жеңді
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Кубогы кезеңінде жартылай финалға жолдама алды.
70 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Жүсіпов өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілердің бірауызды шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Осылайша, Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға шығып, кемінде қола медальді қамтамасыз етті. Ал Болтаев жарысты аяқтады.
Айта кетейік, Жүсіпов — 2025 жылғы әлем чемпионы, 2017, 2019 және 2021 жылдардағы әлем біріншіліктерінің қола жүлдегері, сондай-ақ 2024 жылғы Азия чемпионы.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан