14 сағат бұрын
Тимур Нұрсейтов әлем кубогін жүлдесіз аяқтады
Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейтов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Кубок әлемі кезеңінде ширек финалда жарысын тоқтатты.
75 келіге дейінгі салмақта ол жартылай финалға шығу үшін болгариялық Рами Киванға қарсы рингке шықты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан (5:0) жеңісті қарсыласқа берді.
Осылайша Рами Киван жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті. Ал Тимур Нұрсейтов жарысты ширек финал сатысында аяқтап, жүлдесіз қалды.
Айта кетейік, World Boxing Кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында өтуде, оған Қазақстан құрамасының ерлер және әйелдер командасы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан