6 сағат бұрын
Аида Әбікеева жартылай финалда сүрініп, қола жүлдені қанағат тұтты
Фото:ҚБФ
Қытайдың Гуянг қаласында бокстан әлем кубогі жалғасып жатыр.
65 келіде шаршы алаңға шыққан Аида Әбікеева финал жолдамасы үшін бразилиялық Беатриз Феррейрамен жекпе-жек өткізді.
Тартысқа толы бәсекеде екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева қарсыласына жол берді.
Осылайша ол қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, Аида Әбікеева 2 дүркін әлем чемпионы. 2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатының алтын медаль иегері.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан