2 күн бұрын
Әлемнің екі дүркін чемпионы кезекті титулын жеңіп алды
Өзбекстандық боксшы Абдумалик Халоков Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Халоков бразилиялық Луис Габриэлмен кездесіп, қарсыласын 5:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Осылайша, өзбекстандық спортшы турнирдің жеңімпазы атанып, алтын медаль иеленді. Ал Луис Габриэл күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, Абдумалик Халоков – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы және әлемнің екі дүркін чемпионы. Ол 2023 жылы IBA нұсқасы бойынша және 2025 жылы World Boxing ұйымының әлем чемпионы атанған. Ал оның финалдағы қарсыласы Луис Габриэлдің ең үздік жетістігі – 2025 жылғы World Boxing әлем чемпионатының күміс жүлдесі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан