2 күн бұрын
Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда қазақстандық былғары қолғап шеберіне үндістандық Дипак қарсы тұрды. Жекпе-жек Абылайханның айқын басымдығымен өтіп, төрешілер жеңісті бірауыздан (5:0) оған берді.
Осылайша, Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогының жеңімпазы атанып, Гуйяндағы жарысты алтын медальмен аяқтады. Ал үндістандық боксшы күміс жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – 2025 жылғы әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері. Ал оның қарсыласы Дипак 2022 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері әрі 2026 жылғы беделді Boxam турнирінің күміс жүлдегері саналады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан