Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Виктория Графеева әлемдік сенсация жасап, алтын медаль жеңіп алды

Виктория Графеева әлемдік сенсация жасап, алтын медаль жеңіп алды

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Виктория Графеева финалда Париж Олимпиадасының чемпионы, Тайбэй боксшысы Линь Юйтиннен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. (Tapology⁠)

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасының еншісінде екі алтын және үш қола жүлде бар.

Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:

Назым Қызайбай (54 кг)

Виктория Графеева (60 кг)

Аида Әбікеева (65 кг)

Валерия Аксёнова (80 кг)

Дина Исламбекова (+80 кг)

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үшін жарыс әлі аяқталған жоқ. Бүгін, 21 маусым күні ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектерде үш қазақстандық былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.


Финалда өнер көрсететін қазақстандықтар:


– Санжар Тәшкенбай (50 кг);


– Абылайхан Жүсіпов (70 кг);


– Айбек Оралбай (+90 кг). (worldboxing.org⁠)


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан