7 сағат бұрын
Санжар Ташкенбай әлем кубогінде топ жарды
Фото:ҚБФ
Қытайдың Гуянг қаласында бокстан әлем кубогінде 50 келіде ел намысын қорғаған Санжар Ташкенбай алтыннан алқа тақты.
Отандасымыз ақтық сында өзбек боксшысы Асилбек Жалиловпен жұдырықтасты.
Тартысқа толы бәсекеде Санжар Ташкенбай өзбекстандық боксшыны 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша ол 2 дүркін әлем кубогінің жеңімпазы атанып отыр.
Санжар Ташкенбай жарыс жолында қырғызстандық Анваржан Ходжиевті 5:0 есебімен жеңсе, 1/2 финалда Мартин Молина Испан елінің өкілін де айқын басымдықпен ұтқан.
Айта кетейік, Санжар Ташкенбай 2 дүркін әлем чемпионы. Бұған қоса оның қоржынында Азия чемпионатының алтыны мен күміс жүлдесі бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан