Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов әлем кубогіндегі жетістігінен кейін мәлімдеме жасады

Абылайхан Жүсіпов әлем кубогіндегі жетістігінен кейін мәлімдеме жасады

Фото:ҚБФ

Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing ұйымдастыруымен өткен әлем кубогі мәресіне жетті.

70 келіде ел намысын қорғаған Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды. Боксшыосыдан кейін барлық жанкүйерлеріне әрі қолдау көрсеткен бапкерлеріне алғысын айтты.

“Ассалаумағалейкум, достар! Құттықтауларыңызға көп рақмет!Жасалған еңбек өз жемісін беріп, жұмысымыз ақталды. Бұл жеңіс – тек менің ғана емес, осы жолда қолдау көрсетіп, сенім артқан барлық жандардың ортақ жетістігі.Әрбір жеңістің артында тынымсыз еңбек, табандылық және көптеген адамдардың қолдауы тұрады. Баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін!”, — деді Абылайхан Жүсіпов.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов 2025 жылғы Асатанада өткен әлем кубогінде жарақатына байланысты жарысты мерзімінен бұрын аяқтаған еді.

Абылайхан Жүсіпов 2025 жылдың желтоқсан айында Дубайда IBA ұйымы өткізген әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Осылайша ол мансабында алғаш рет әлем чемпионы атанды. Бұдан өзге ол 2024 жылғы Азия чемпионы, екі дүркін Азия чемпионатының күміс жүлдегері.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан