5 сағат бұрын
Айбек Оралбай әлем кубогінде жеңіске жетті
Фото:ҚБФ
Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing ұйымдастыруымен өткен әлем кубогі мәресіне жетті.
Аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған Айбек Оралбай ақтық сында германиялық Никита Путиловпен қолғап түйістірді.
Алтын үшін айқаста отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, 2 дүркін әлем кубогінің жеңімпазы атанды.
Ол 2025 жылы Астанада өткен әлем кубогінде де алтыннан алқа таққан еді.
Айта кетейік, Айбек Оралбай — Қазақстан тарихындағы аса ауыр салмақтағы тұңғыш әлем чемпионы. Ол сондай-ақ 2022 және 2024 жылдары Азия чемпионатында топ жарған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан