6 сағат бұрын
Өзбекстанда дүниеге келген қазақ боксшысы АҚШ-тағы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Өзбекстанда дүниеге келген қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев АҚШ-тағы кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті.
23 жастағы боксшы Калифорния штатындағы Оушенсайд қаласында кубалық Орестас Веласкесқа қарсы жұдырықтасты.
Руслан Абдуллаев он раундқа созылған бәсекеде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Осылайша Руслан Абдуллаев кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісін тіркеді.
Айта кетейік, Руслан Абдуллаев әуесқой бокстан Азия және әлем чемпионы.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан