Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

БҚО бокс федерациясының жаңа президенті сайланды

БҚО бокс федерациясының жаңа президенті сайланды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясының аймақтармен жұмыс жөніндегі вице-президенті Болат Абдрахманов және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті Мерей Ақшалов Орал қаласына іс-сапармен келді, деп хабарлайды Sport12.kz.

“Жайық Арена” спорт кешенімен танысып, бокс залдарын аралаған соң ресми жиын өткізілді.

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитовтің жетекшілігімен және аймақтың бокс мамандарының қатысуымен өткен жиында Батыс Қазақстан облысы бокс федерациясының жаңа президенті сайланды.

Бұдан былай БҚО боксының жан-жақты дамуына ат салысатын өңірлік федерация президенті - Артур Мурзаканов.

Артур Мурзаканов - 1989 жылы дүниеге келген, кәсіпкер. Бұған дейін федерацияның атқарушы директоры қызметін атқарған.

Еске салсақ, Қазақстандық боксшылар әлем кубогінде үздік үштіктің қатарына енді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан