Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Төрешілер жағынан әділетсіздік болды — Алуа Балқыбекова

Төрешілер жағынан әділетсіздік болды — Алуа Балқыбекова

Фото:ҚБФ

Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Алуа Балқыбекова Қытайда өткен Әлем кубогінде ширек финалдық кезеңде жарыс жолынан шығып қалды. Турнирдің басты фавориттерінің бірі саналған қазақ боксшысы үндістандық Минакшиге жол берген еді. Осы тұста Алуаның өзінк хабарласып, жарыс барысы, төрешілер шешімі және алдағы жоспарлары туралы әңгімелескен едік.

Алуа, әлем кубогіне жалпы дайындық қалай өтті?

- Дайындық өте жақсы деңгейде өтті. Жаңа бапкеріміз Дарио Комачомен бірге күш-қуатымызды арттыруға бағытталған жаттығулар жасадық. Бұған дейін ағайынды Дарио және Крис Комачолар ерлер құрамасымен жұмыс істеген, қазіргі таңда да сол қызметін жалғастырып келеді. Ал Дарио әзірге әйелдер құрамасын жаттықтырып жүр. Сонымен қатар Алматы облысында Италия құрамасының қыздарымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Жарысқа екі апта қалғанда Қытайға барып, басқа елдердің боксшыларымен спаррингтер өткіздік. Жалпы дайындық жоғары деңгейде өтті.

Жалпы Әлем кубогіндегі төрешілік деңгейіне қандай баға бересіз? Күмән тудырған немесе даулы шешімдер болды ма?

- Жалпы төрешілерге тоқталсақ төрешілер жағынан әділетсіздік болды. Сабыржан Аққалықовтың өзбек боксшысымен жекпе-жегінде бірінші раундта Сабыржан ұтпаса да екі мен үшінші раунда барлығымыз ол жеңді деп есептейміз.

Өзіңіз жарыс жолында үнді қызына есе жібердіңіз. Ал сіздің жекпе-жегіңіз де шешім әділетті болды ма?

- Шешім әділетті болды. Бұл үндістандық боксшы Минакшимен менің алғашқы жекпе-жегім еді. Бұған дейін ол 48 келі салмақта Назым Қызайбаймен жекпе-жек өткізген. Өз тарапымнан бірқатар қателіктер жібердім. Алдағы уақытта сол қателіктермен жұмыс істейтін боламын. Алайда қанша жерден ұтылсам да, 5:0 есебімен жеңілдім деп толық айта алмаймын. Төрешілер бірінші раундта 5:0 есебін тіркеген екен. Бапкерімнің өзі де бұл шешіммен келіспейтінін айтты. Дегенмен бұл төрешілердің шешімі. Алдағы уақытта олқы тұстардың орнын толтырамыз.

Минакшимен жекпе-жекте не жетіспеді деп ойлайсыз?

- Үндістандық боксшымен болған жекпе-жекте қосымша соққыларды жеткілікті деңгейде қолдана алмадым және аяқпен жұмысым да ойдағыдай болмады. Негізі екі тактиканы да пайдаланып көруге болатын еді. Алайда біз тек алға ұмтылып, шабуыл жасау тактикасын таңдадық. Сондықтан кейбір мүмкіндіктерді толық пайдалана алмадым.

Бұл додада сіз фавориттердің бірі болдыңыз. Жалпы жарыс қорытындысы мен жеңілісті қалай қабылдадыңыз?

- Бұл турнирлер біз үшін алдағы ірі жарыстарға дайындықтың бір кезеңі болды. Осындай жарыстарда қарсыластарымыздың қарымын байқап, олардың дайындығын бағамдауға мүмкіндік туады. Алдағы Азия ойындары қарсаңында да қарсыластарымыздың қазіргі деңгейін көріп, күш-жігерін сараладық. Сонымен қатар өзіміздің кемшіліктеріміз бен жіберген қателіктерімізді анықтадық. Қай тұстарға көбірек көңіл бөлу керектігін көрдік. Жарыс жағдайына бейімделіп, рингтің тынысын сезіну де маңызды. Мұндай тәжірибе үлкен сындарға психологиялық әрі тактикалық тұрғыдан дайын болуға септігін тигізеді.

⁠Алдағы уақытта жалпы салмақ ауыстыру жоспарыңыз да бар ма? Әлде осы салмағыңыз да қала бересіз бе?

- Алдағы уақытта салмақ ауыстыру жоспарымда жоқ. 51 келі ол Олимпиадалық салмақ. Сондай-ақ қазіргі таңда әлемдік рейтингте үшінші орында тұрмын. Өзімнің де салмағым небәрі 52, 53 келі. Сондықтан бұл салмақ оң жанбасыма жақсы келеді.

Ендігі алдағы мақсат жоспарыңыз қандай?

- Алдағы мақсат — әлі де шыңдалып, шеберлігімізді арттыру. Жарыс барысында жіберген қателіктерімізді саралап, бапкерлермен бірге сол кемшіліктерді түзету бағытында жұмыс істейміз. Алдымызда АҚШ-та өтетін оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр. Бұған дейін айтқанымдай, Дарио Комачоның жетекшілігімен Америкада шамамен бір ай дайындаламыз. Одан кейін Қазақстанға оралып, Жапонияда өтетін Азия ойындарына тыңғылықты дайындық жүргіземіз. Негізгі мақсатымыз — сол жарысқа жоғары деңгейде дайын болып бару.

Авторы:Ақерке Өмірхан


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан