Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Әли Ахмедов Алматыда IBO әлем чемпионы атағын қорғайды

Әли Ахмедов Алматыда IBO әлем чемпионы атағын қорғайды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов 25 шілде күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды.

Отандасымыздың бұл кештегі қарсыласы — Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Асемахле Веллем. Ахмедовтің кәсіпқой рингтегі мансабында 25 жеңіс, 2 жеңіліс, 17 нокаут тіркелген. Ал қарсыласының еншісінде 11 жеңіс, 2 жеңіліс, 1 тең нәтиже және 6 нокаут бар. Бұл жекпе-жек кештің басты айқасы болмақ.

Сондай-ақ бокс кеші аясында тағы бір қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев шаршы алаңға оралады. Ол соңғы жекпе-жегін биыл сәуір айында Бангкокта өткізіп, вьетнамдық Хонг Куан Диньді алтыншы раундта нокаутпен жеңген.

Төлтаев кәсіпқой мансабында әзірге жеңіліссіз өнер көрсетіп келеді. Оның еншісінде 7 жеңіс бар, соның төртеуі нокаутпен аяқталған.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан