Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Төлтаевтың келесі қарсыласы ресми түрде жарияланды

Төлтаевтың келесі қарсыласы ресми түрде жарияланды

Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы Саматәлі Төлтаев (7-0, 4 КО) 25 шілдеде Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға оралады.

Отандасымыз Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін Akhmedov Promotions ұйымдастыратын турнир аясында филиппиндік Гэри Тамайомен (11-4-1, 5 КО) қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жекті ұйымдастырушылар ресми түрде жариялады.

Саматәлі Төлтаев соңғы кездесуін 4 сәуірде Таиландтың Бангкок қаласында өткізіп, вьетнамдық Хонг Куан Диньді алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ал Гэри Тамайо соңғы рет былтыр желтоқсанда Жапонияның Осака қаласында шаршы алаңға шығып, жергілікті боксшы Юна Харамен тең түскен еді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан