Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жекпе-жек өткізу үшін салмақ ауыстыруға дайын екенін айтты

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жекпе-жек өткізу үшін салмақ ауыстыруға дайын екенін айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу басты мақсаттарының бірі екенін айтты.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, қажет болса салмақ дәрежесін ауыстыруға дайын екенін жеткізді.

«Жәнібек - Канело! Бұл жекпе-жек - менің мақсатым. Мен суперорта салмаққа көтерілуге дайынмын. Көптеген жанкүйер де бұл кездесуді көргісі келетініне сенімдімін», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Жекпе-жектің өтуі үшін қазақстандық боксшы орта салмақтан суперорта салмаққа ауысуы тиіс. Жәнібек Әлімханұлы 72,6 келіден 76,2 келіге дейінгі салмаққа көтерілуі қажет.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты 2026 жылдың желтоқсан айына дейін спорттан шеттетілген. Дегенмен WBO ұйымы оның чемпиондық белбеуін сақтап қалған.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан