Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

“Келесі жолы кеткен есесін қайтарады” — Айбек Оралбай Нұрбектің жеңілісіне пікір білдірді

“Келесі жолы кеткен есесін қайтарады” — Айбек Оралбай Нұрбектің жеңілісіне пікір білдірді

Фото:ҚБЫ

Қытайда өткен Әлем кубогінде аса ауыр салмақта топ жарған Айбек Оралбай бауыры Нұрбек Оралбайдың сәтсіз өнеріне қатысты пікір білдірді.

”Нұрбек қазір жаңа салмаққа ауысып жатыр. Бұл — оның осы салмақтағы алғашқы жарысы. Турнир барысында ол 90 келіге дейінгі салмақта әлемнің ең мықты, рейтингте бірінші тұрған боксшымен жұдырықтасты. Жекпе-жек 3:2 есебімен аяқталды. Дегенмен келесі жолы кеткен есесін қайтарады деп ойлаймын. Он келі салмақ қосып, жаңа санатқа бейімделу оңай емес. Алдағы жарыстарда бұдан да жоғары деңгейде өнер көрсетеді деп сенемін”, — деді Айбек Оралбай.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Әлем кубогінің ширек финалында өзбекстандық боксшы Тұрабек Хабибуллаевқа есе жіберген еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан