10 сағат бұрын
Допинг дауына іліккен өзбек спортшының құрметіне бокс залы ашылды
Фото:ӨОК
Бокстан 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Лазизбек Муллажоновтың құрметіне Өзбекстанда жаңа бокс залы пайдалануға берілді.
Салтанатты ашылу рәсімінде бұл спорт нысаны жас боксшылардың шеберлігін жетілдіруге, заманауи талаптарға сай дайындық жүргізуге және кәсіби спортқа қадам басуға мүмкіндік беретін маңызды орталық болатыны айтылды.
Айта кетейік, Лазизбек Муллажонов 2025 жылы допинг ережелерін бұзғаны үшін Халықаралық тестілеу агенттігінің шешімімен 3 жылға спорттан шеттетілген. Ресми мәліметке сәйкес, ол 2028 жылдың 21 шілдесіне дейін әуесқой бокстағы халықаралық жарыстарға қатыса алмайды. Сондай-ақ оның 2025 жылдың 11 маусымы мен 22 шілдесі аралығындағы нәтижелері жойылған.
26 жастағы спортшы 2024 жылғы Олимпиада чемпионы (92 кг) және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Бұған қоса, ол кәсіпқой рингте жеңіліссіз сериясын сақтап келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан