Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Нұржан Насанов бокстан әлем кубогында ерлер құрамасының көсреткіші жөнінде айтты

Нұржан Насанов бокстан әлем кубогында ерлер құрамасының көсреткіші жөнінде айтты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Нұржан Насанов Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогында шәкірттерінің көрсеткіші жөнінде ой-пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ерлер құрамасынан Санжар Тәшкенбай (50 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) чемпион атанған еді.

- Қытайдағы әлем кубогінде боксшылар өзін жақсы қырынан көрсете білді. Бұл жарыстың алдында екі кезеңдік дайындықтан өткен команда функционалдық тұрғыда шыңдалып келді деп ойлаймын. Абылайхан Жүсіпов пен Айбек Оралбай жоғары деңгейдегі бокс көрсетті және мықты қарсыластардан басым түсті. Салмақ ауыстырған екі боксшымыз Сабыржан Аққалықов пен Нұрбек Оралбай екі жекпе жектен өткізді, олар үшін бұл бірінші жарыс, алдағы уақытта әлі де шыңдалады.

Азия Ойындарына дайындық бастапқы жоспар бойынша жүргізіліп келе жатыр. Қытайдағы жарыспен осы ауқымды дайындықтың үшінші кезеңін аяқтадық. Шілде айына Америкадағы жаттығу жиыны жоспарланған, ол жақта әр боксшы жеке жоспар бойынша жұмыс істейді. Ағайынды Камачолармен бірге мұхиттың арғы жағында да, кейін елге келіп тағы бір оқу-жаттығу жиынын да өткіземіз,- деді ол.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық боксшылар әлем кубогінде үздік үштіктің қатарына енді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан