Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионаты алдындағы дайындығын аяқтады

Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионаты алдындағы дайындығын аяқтады

Қазақстанның жасөспірімдер және жастар бокс құрамалары 2026 жылғы 19 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты қарсаңындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын аяқтап жатыр. Аталған дода Индонезияның Джакарта қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Федерацияның Instagram-парақшасында Түркістан облысында өткен командалардың қорытынды оқу-жаттығу жиынынан фотосуреттер жарияланды. Кадрларда боксшылардың жаттығу барысы, соның ішінде бокс қапшығымен жұмыс істеуі және жұппен дайындық өткізу сәттері көрсетілген.

«23 жасқа дейінгі ерлер құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталуға жақын. Осы құрамдағы 10 боксшы бірнеше күннен кейін Индонезия астанасы Джакартаға аттанады. U-19 және U-23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында өтеді», – делінген федерацияның Instagram-парақшасында.

Турнирге Азия құрлығының ең мықты жастар құрамалары қатысады. Чемпионатқа Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея және басқа да ұлттық федерациялар өздерінің үздік құрамаларын ресми түрде тіркеген. Қазақстан намысын Джакартада 40 боксшы мен боксшы қыз қорғайды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан