Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

19 сағат бұрын

Головкин қолғаптарын Ұлттық ұлан музейіне сыйға тартты

Головкин қолғаптарын Ұлттық ұлан музейіне сыйға тартты

Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкин өзінің қолтаңбасы қойылған бокс қолғаптарын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орталық музейіне табыстады.

Ұлттық ұланның мәліметінше, бұл жәдігер жас әскери қызметшілерді спортқа баулып, отансүйгіштікке тәрбиелеуге және болашақ чемпиондарды шабыттандыруға қызмет етеді.

Бұл жаңалық Алматыдан мерзімді әскери қызметке шақырылған, бокспен ұзақ жыл айналысқан Марлен Сурамаев үшін ерекше мәнге ие болды. Ол Головкиннің жекпе-жектерін көріп өскенін және чемпионның еңбекқорлығы мен табандылығынан үлгі алғанын айтты.

Қолтаңбасы қойылған бокс қолғаптары енді Ұлттық ұланның Орталық музейіндегі құнды жәдігерлердің біріне айналып, кейінгі ұрпаққа мұра ретінде сақталады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті әрі World Boxing ұйымының басшысы қызметін атқарады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан