16 сағат бұрын
Сұлтан Заурбек WBA рейтингінің үздік үштігіне көтерілді
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Онда қазақстандық боксшылардың да орындары өзгерді.
Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Заурбек бір саты жоғарылап, WBA рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Бұған дейін ол төртінші орында тұрған болатын. Қазір оның алдында тек марокколық Мұса Голам мен Ұлыбритания өкілі Джеймс Диккенс тұр. Ал бұл салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы – ирландиялық Энтони Какейс.
Жартылай орта салмақта WBA Asia чемпионы Руслан Мәдиев сегізінші орыннан тоғызыншы орынға төмендеді.
Ал жеңіл салмақтағы WBA Asia чемпионы Елшат Нығметолла жетінші орыннан 12-орынға сырғыды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан