3 күн бұрын
Үш қазақстандық боксшы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады
World Boxing ұйымы 2026 жылы Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жасөспірімдер Олимпиадасының бокс турниріне берілетін жолдамаларды бөлуді аяқтады.
Қазақстан құрамасы аталған додаға үш лицензия иеленді. Жалпы жарысқа он салмақ дәрежесі бойынша 120 былғары қолғап шебері қатысады.
Ұлдар арасында 70 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын Бибарыс Әшірбай қорғайды. Ал қыздар арасында Марал Төлепберген (54 келіге дейін) мен Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.
Үш спортшы да лицензияны наурыз айында Таиландта өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша жеңіп алды.
Айта кетейік, жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылдың 31 қазаны мен 13 қарашасы аралығында Сенегалдың Дакар қаласында өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан