Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Бес боксшымыз әлемдік рейтингте топ бастап тұр

Бес боксшымыз әлемдік рейтингте топ бастап тұр

World Boxing ұйымы боксшылардың кезекті жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

Жаңа тізімде бірнеше боксшымыз өздерінің көшбасшы орындарын сақтап қалды.

Рейтингте Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бірінші орынға тұрақтады.

Рейтингте Назым Қызайбай (48 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) екінші орында тұр.

Үздік үштіктің қатарына екі Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жеткен Виктория Графеева (60 келі) кірсе, Алуа Балқыбекова (51 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі) өз орындарын сақтап қалды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының боксшылары маусым айында Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңіне қатысып, 5 алтын және 3 қола медаль еншілеген еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан