2 күн бұрын
Темірлан Мұқатаев Азия чемпионаты алдында үндеу жасады
Қазақстанның U-23 жастар құрамасының боксшысы Темірлан Мұқатаев Индонезияның Джакарта қаласында өтетін жастар арасындағы Азия чемпионаты алдында алдағы жарысқа қатысты ойын айтты.
«Мен – Темірлан Мұқатаев, Қазақстан құрамасының боксшысымын және Азияның төрт дүркін чемпионмын. Джакартадағы Азия чемпионатына қатысу және онда сәтті өнер көрсету – тек біз үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан бапкерлеріміздің жетекшілігімен команда болып бұл турнирге тыңғылықты дайындалдық. Еліміздің намысын абыроймен қорғау үшін бар күшімізді саламыз. Алға, Қазақстан!» – деді Мұқатаев.
Айта кетейік, U-19 және U-23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты 5–16 шілде аралығында Джакартада өтеді. Қазақстан бұл додада төрт құрамамен (ұлдар мен қыздар, екі жас санаты бойынша) бақ сынайды. Турнирде 26 елден 400-ден астам былғары қолғап шебері жүлделерді сарапқа салады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан