Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Мерей Ақшалов Қазақстан бокс федерациясындағы қызметінен кетуінің себебін түсіндірді

Мерей Ақшалов Қазақстан бокс федерациясындағы қызметінен кетуінің себебін түсіндірді

Әлем чемпионы Мерей Ақшалов Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) бас хатшысы қызметінен кетуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Оның айтуынша, бұл қызметте қалу туған інісі Мейірім Нұрсұлтановқа әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жекке дайындық барысында толыққанды қолдау көрсетуіне кедергі келтірер еді.

Еске салайық, бұрынғы боксшы Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы қызметін 2025 жылдың қаңтарынан 16 маусымына дейін атқарды. Қазіргі таңда ол федерацияның вице-президенті қызметін жалғастырып келеді.

«Бұл менің жеке шешімім. Федерация басшыларымен ақылдастым, олар мені қолдады. Барлығыңыз білесіздер, тамыз айында Мейірім Нұрсұлтановтың әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі өтеді. Ол – менің жалғыз інім. Салмақ қуу кезеңінде және жекпе-жекке дейін оның жанында болуым керек.
Бас хатшы қызметінде жүргенде оған уақыт бөлу мүмкін емес. Себебі бұл қызметте құжаттарға қол қою, жиналыстар өткізу және басқа да көптеген міндеттер бар. Өздеріңіз білесіздер, Геннадий Головкиннің жанында өмір бойы Максим Головкин болды. Сол сияқты Мейірімнің де жанында үнемі сенімді бір адам болуы қажет», – деді Ақшалов «Бірінші бол» подкастында.

Айта кетейік, Мерей Ақшалов 2008 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Ал 2013 жылы Қазақстанда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін ол 2016 жылғы Олимпиада қарсаңында ұлттық құраманың жетекші боксшыларының бірі саналған еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан