Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Мейірім Нұрсұлтановтың әлем чемпионы атануға толық мүмкіндігі бар - Виктор Демьяненко

Мейірім Нұрсұлтановтың әлем чемпионы атануға толық мүмкіндігі бар - Виктор Демьяненко

Boxing Promotions

Белгілі бапкер әрі сарапшы Виктор Демьяненко қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жегі қарсаңындағы әлеуетіне баға берді. Бұл туралы маман Sport12.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

Ол ең алдымен отандасына сәттілік тілеп, ұзақ уақыт рингтен тыс қалуы кез келген кәсіпқой боксшы үшін оңай соқпайтынын атап өтті.

«Мейірімге сәттілік тілеймін. Ол шамамен үш жыл бойы жекпе-жек өткізген жоқ. Мұндай ұзақ үзіліс боксшы үшін өте қолайсыз. Себебі спортшы жарыс ырғағынан айырылып, тәжірибесі азаяды. Осы аралықта қарсыластары алға озып, өз орнын нығайтып үлгереді. Ал сен бұрынғы қарқыныңнан айырылып қалуың мүмкін», – деді Демьяненко.

Сарапшының айтуынша, АҚШ-қа ауысу қазақстандық боксшылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ол мұндай жағдайдың кезінде Геннадий Головкиннің мансабында да болғанын еске салды.

«Геннадий Головкин Германияда жүрген кезінде өзінің әлеуетін толық көрсете алмады. Промоутерлер оған үлкен жекпе-жектер ұйымдастырмады. Тек АҚШ-қа көшкеннен кейін ғана ол лайықты деңгейдегі қарсыластармен жұдырықтасып, әлемдік жұлдызға айналды», – деді маман.

Демьяненко бүгінде Америкада өнер көрсетіп жүрген бірқатар қазақстандық боксшы бар екенін айтты. Алайда олардың бәрі бірдей күткен мүмкіндіктерге қол жеткізе бермейтінін де жасырмады.

«Америкада жүрген барлық боксшының жолы бола бермейді. Кейбірінің мансабы біртіндеп бәсеңдеп, көпшіліктің назарынан тыс қалып жатады. Бұл – кәсіпқой бокстың шындығы», – деді ол.

Сарапшы бұл мәселеге мысал ретінде Олимпиада чемпионы, WBA чемпионы болған Василий Жировтың мансабын келтірді.

«Василий Жиров чемпион болғаннан кейін көптеген қарсыласы онымен жұдырықтасудан бас тартты. Промоутерлер оның чемпиондық белбеуді оңайлықпен бермейтінін жақсы білді. Сондықтан тәуекелге барғысы келмеді», – деді Демьяненко.

Оның пікірінше, Мейірім Нұрсұлтанов та дәл осындай жағдайға тап болған болуы мүмкін.

«Мейірімді көпшілік бағаламай жүргендей көрінуі мүмкін. Бірақ оның әлеуеті өте жоғары. Сондықтан кейбір қарсыластардың одан қашқақтауы да заңдылық. Мен оның рингте өз деңгейін дәлелдей алатынына сенемін», – деді ол.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов (20 жеңіс, 11 нокаут) WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін доминикандық Карлос Адамеспен (25 жеңіс, 1 жеңіліс, 18 нокаут) жұдырықтасатыны мәлім болды. Келісімшартқа сәйкес жекпе-жек мамыр айында өтуі тиіс болған. Алайда Нұрсұлтановтың АҚШ визасын алуына байланысты туындаған қиындықтарға байланысты кездесу кейінге шегерілген.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан