Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Айбек Оралбай Астана қаласы жайлы естелігімен бөлісті

Айбек Оралбай Астана қаласы жайлы естелігімен бөлісті

Бокстан аса ауыр салмақтағы Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлем чемпионы және үш дүркін Азия чемпионы Айбек Оралбай Астана күніне орай елорданың өзінің өмірі мен спорттық жолындағы орны туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Мен Жамбыл облысының тумасымын. 2007 жылы отбасымызбен Астана қаласына көшіп келдік. Сол кезде қазіргі бапкерім Асқар Еркебаевтың жетекшілігімен боксқа келдім. Спорттағы алғашқы қадамдарымды елордада бастадым. Соның нәтижесінде егізім Нұрбек екеуміз де әлем чемпионы атандық.

Көп жыл бойы үш дүркін Азия чемпионы атағы тек Василий Левитке тиесілі болып келді. Біз де сол жетістікке қол жеткіздік. Ендігі басты мақсатымыз – Лос-Анджелес Олимпиадасында Нұрбек екеуміз Олимп шыңын бағындыру.

Менің спортшы ретінде қалыптасуыма үлкен үлес қосқан, әрдайым қолдау білдірген елордаға алғысым шексіз. Бізге барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Сондықтан елордада өз мақсаттарыма жетіп жатырмын», – деді Айбек Оралбай.

Спортшы кәсіби мансабы туралы әңгімелегеннен кейін Астана күніне арналған ақжарма тілегін де жеткізді.

Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – еліміздің мақтанышы, тәуелсіздігіміздің символы, болашаққа бастар жасампаз қаламыз. Күн сайын көркейіп, дамып келе жатқан елордамыз әрбір қазақстандықтың мерейін үстем ете берсін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық пен татулық тілеймін. Еліміз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың абыройы асқақтай берсін!

Астана күні құтты болсын!» - деді Айбек Оралбай.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасына Қазақстан құрамасынан алғаш болып жолдама жеңіп алған егіз спортшылар - Айбек пен Нұрбек Оралбай болатын.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан