17 сағат бұрын
Досжан Жұмақан АЧ-да айқын жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Досжан Жұмақан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол Қытайлық Тайбэй өкілі Хан-Ен Ванмен кездесті. Жекпе-жек барысында Жұмақан қарсыласын нокдаунға жіберіп, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы екі жас санатында (19 жасқа дейін және 23 жасқа дейін) ерлер мен әйелдер арасында жалпы 39 боксшымен қатысуда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан