16 сағат бұрын
Әділ Асқанбай Азия чемпионатын нокаутпен бастады
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасының боксшысы Әділ Асқанбай Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан Азия чемпионатын жеңіспен бастады.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында қазақстандық былғары қолғап шебері Тәжікстан өкілі Азамжон Хасановпен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің екінші раундында Әділ қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, 19 және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы турнирге ерлер және әйелдер арасында екі жас санатында жалпы 39 спортшымен қатысып жатыр. Биылғы құрлық біріншілігінде 26 елден 430-дан астам боксшы бақ сынауда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан