Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

13 сағат бұрын

Бокстан Ақжүрек Қалабай Азия чемпионатында Өзбекстан өкілінен жеңісті жұлып алды

Бокстан Ақжүрек Қалабай Азия чемпионатында Өзбекстан өкілінен жеңісті жұлып алды

Индонезияның Джакарта қаласында 19 жасқа дейінгі (U19) және 23 жасқа дейінгі (U23) боксшылар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финал аясында қазақстандық Ақжүрек Қалабай мен өзбекстандық Иброхим Шокиржонов кездесті. Бұл турнирдегі Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасындағы алғашқы жекпе-жек болды.

Екі спортшының да әуесқой бокста айтарлықтай жетістіктері бар. Ақжүрек 2026 жылы Черногорияда өткен «Адриатика інжу-маржаны» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Ал Шокиржонов 2025 жылғы III Жасөспірімдер Азия ойындарының чемпионы, 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ 2026 жылы өзбек боксшысы Бангкокта өткен беделді Futures Cup турнирінде топ жарды.

Алғашқы раундта бойы ұзындау Ақжүрек арақашықтықты сақтап, алыстан жұдырықтасуға тырысса, Шокиржонов жақын қашықтықта айқас жүргізуге ұмтылды. Үш төреші бұл раундта өзбек боксшысы басым болды деп есептесе, екі төреші жеңісті қазақстандыққа берді.

Екінші үш минуттық кезеңде Ақжүрек дәл әрі нәтижелі жұдырықтасып, мұны төрт төреші жоғары бағалады. Үшінші раунд алдында Қалабай бір төрешінің есебі бойынша 18:20 есебімен қалып келе жатса, қалған төрт төрешінің картасында есеп 19:19 болып тең тұрды.

Жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті екіге жарылған шешіммен Ақжүрек Қалабайға берді. Осылайша қазақстандық боксшы турнирдің ширек финалына жолдама алды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан