Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Бокстан Бейбарыс Әшірбай Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Бокстан Бейбарыс Әшірбай Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Индонезияның Джакарта қаласында 19 жасқа дейінгі (U19) және 23 жасқа дейінгі (U23) жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бейбарыс Әшірбай турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық боксшының қарсыласы Үндістан өкілі Прашант болды.

Алғашқы раундта төрешілердің шешімімен Бейбарыс 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раундта да Әшірбайдың пайдасына 3:2 есебі тіркелді.

Шешуші үшінші раундтың алдында екі төреші Бейбарысқа 20:18 есебімен басымдық берсе, қалған үш төреші 19:19 есебімен тең нәтиже көрсетті.

Соңғы раундта екі боксшы да сәтті шабуылдарымен көзге түсті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Бейбарыс Әшірбайға беріп, ол Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Еске салайық, Бейбарыс Әшірбай биыл Бангкокта өткен беделді халықаралық Futures Cup турнирінің жеңімпазы атанған. Сондай-ақ, ол 2025 жылы өткен U19 Азия чемпионатының күміс жүлдегері болған.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Биылғы Азия чемпионатына шамамен 330 спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан