4 сағат бұрын
Бокстан Азия чемпионаты: 8 шілде күні кімдер шығады?
Жарыстың төртінші күнінде U23 санаты бойынша 6 аруымыз ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Күндізгі сессия. 10:00 (Қазақстан уақыты)
1-жұп. 48 келі. 1/4 финал
Гүлназ Бөрібаева - Нидхи (Үндістан)
8-жұп. 51 келі.
Анита Адишева - Зи Нгок Тран Нгуен (Вьетнам)
12-жұп. 54 келі.
Сымбат Әлиасқар - Ниша (Үндістан)
Кешкі сессия. 15:00 (Қазақстан уақыты)
1-жұп. 57 келі.
Ұлжан Сәрсенбек - Рико Ямада (Жапония)
7-жұп. 60 келі.
Аяжан Ермек - Жиеон Ким (Оңтүстік Корея)
11-жұп. 65 келі.
Аружан Жаңабаева - Севинч Хурамова (Өзбекстан)
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов