7 сағат бұрын
Бокстан Ақнұр Тұрсынғали Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада U19 және U23 санаты бойынша Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
U19 санаты бойынша 57 келідегі Ақнұр Тұрсынғали ширек финалда Лижун Линмен (Тайпей) жұдырықтасты.
Жерлесіміз үш раундта да қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жекпе-жекті өз еншісіне жазды. Есеп: 4:1.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов