Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Боксшы Жасмин Абрамян Азия чемпионатының ширек финалында сүрінді

Боксшы Жасмин Абрамян Азия чемпионатының ширек финалында сүрінді

Бокстан Индонезия астанасы Джакартада U19 және U23 санаты бойынша Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

U19 санаты бойынша 60 келідегі Жасмин Абрамян 1/4 финалда Чахатпен(Үндістан) жұдырықтасты.

Отандасымыз алғашқы раундты шаршы алаңның ортасын бермеуге тырысып, есепте алға шыққанымен, қалған уақытта қарсылас жекпе-жекті өз жағына бұрды. Есеп: 0:5.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан