Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Қазақстандық боксшы Алтынгүл Аймұхан жастар арасындағы Азия чемпионатын аяқтады

Қазақстандық боксшы Алтынгүл Аймұхан жастар арасындағы Азия чемпионатын аяқтады

Қазақстандық боксшы Алтынгүл Аймұхан Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

19 жасқа дейінгі (U19) боксшылар арасындағы 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Алтынгүл Аймұхан Үндістан өкілі Аншикамен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 4:1 есебімен үндістандық боксшыға берді.

Осылайша, Аншика турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге ие болуға кепілдік алды. Ал Алтынгүл Аймұхан жарыстағы өнерін аяқтады.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеде мәресіне жетеді. Додаға 26 елден 400-ден астам былғары қолғап шебері қатысуда. Қазақстан құрамасы екі жас санатындағы ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарға барлығы 39 спортшыны қосты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан