21 сағат бұрын
Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов бүгін шаршы алаңға шығады
10 шілде күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұртас Әжбенов Әзербайжанның Баку қаласында өтетін IBA Champions Night турнирінде өнер көрсетеді.
Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық, әлем чемпионатының қола жүлдегері Сархан Әлиевпен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.
Кездесудің тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен 20:15-те басталады.
Айта кетейік, Нұртас Әжбенов бұған дейін кәсіпқой бокста WBC Asian Continental белбеуінің иегері атанған. Ал оның қарсыласы Сархан Әлиев – 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және Әзербайжанның екі дүркін чемпионы. Нұртас соңғы жекпе-жегін биыл наурыз айында өткізіп, ресейлік Илья Поповқа төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберген еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан