19 сағат бұрын
Нұрзат Оңғаров Азия чемпионатын жүлдесіз аяқтады
Қазақстандық боксшы Нұрзат Оңғаров Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады.
23 жасқа дейінгі спортшылар арасында 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Оңғаров жартылай финал жолдамасы үшін жапониялық Дайчи Иваимен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған тартысты кездесудің қорытындысында төрешілер жеңісті 3:2 есебімен жапониялық боксшыға берді. Осылайша, Иваи жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етсе, Нұрзат Оңғаров жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.
Айта кетейік, Дайчи Иваи биыл Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан