Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Аман Қонысбеков техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Аман Қонысбеков техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Бокстан Индонезия астанасы Джакартада жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

U23 санаты бойынша 75 келідегі Аман Қонысбеков жарыс жолын бастады.

Отандасымыз ширек финалда Жапония боксшысы Хибики Кававатамен жұдырықтасып, 3 раунд бойы қарсыласының адымын аштырмады. Аман Жапония боксшысын бірнеше рет нокдаунға жіберген соң, төреші 3-раундта жекпе-жекті тоқтатты. Техникалық нокаут!

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан