Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Бокстан Темірлан Мұқатаев Азия чемпионатында жеңісті жұлып алды

Бокстан Темірлан Мұқатаев Азия чемпионатында жеңісті жұлып алды

Бокстан Индонезия астанасы Джакартада жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

U23 санаты бойынша 85 келідегі фаворит саналатын Темірлан Мұқатаев ширек финалда Үндістан өкілі Рокей Чаудхаримен жұдырықтасты.

Жекпе-жек 3 раунд бойы жоғары қарқында өтіп, отандасымыз өзінің мінезі мен физикалық күшінің арқасында айқасты өз пайдасына шешті. Есеп: 4:0.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан