Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Бибарыс Әшірбай Азия чемпионатында сенімді жеңіске жетті

Бибарыс Әшірбай Азия чемпионатында сенімді жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

U-19 санатындағы 70 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалда ол Қырғызстан өкілі Құтманби Мұратовпен қолғап түйістірді. Қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын жекпе-жек барысында нокдаунға түсіріп, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Бибарыс Әшірбай жарыстың жартылай финалына шығып, кемінде қола жүлдені өз қоржынына салды.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр. Дүбірлі додаға 26 елден 400-ден астам боксшы қатысуда. Чемпионат 16 шілдеде мәресіне жетеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан