6 сағат бұрын
Хамза Мақсатұлы Азия чемпионатын аяқтады
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
U19 санаты бойынша 75 келідегі Хамза Мақсатұлы ширек финалда Өзбекстан өкілі Сухроб Рахматуллаевпен өзара мықтыны анықтады.
Шиеленісті өткен айқаста төрешілер 1:4 есебімен қарсыласты жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов