4 сағат бұрын
Жалғас Утебеков Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсірді
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының жетінші жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
U19 санаты бойынша 90 келідегі Жалғас Утебеков ширек финалда Тайпей спортшысы Жуи-Хси Куомен жолы түйісті
Жекпе-жек ұзаққа созылмады. Отандасымыз небәрі 1,5 минутта бүйірден жасаған соққысы арқылы қарсыласын нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов