3 сағат бұрын
Владислав Саможонов Азия чемпионатында мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының жетінші жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
U19 санаты бойынша +90 келідегі Владислав Саможонов ширек финалда Үндістан өкілі Ловен Гулиппен кешкі сессияны аяқтады.
Отандасымыз алғашқы раундта-ақ шеберлік жағынан әлдеқайда басымдығын көрсетті. Ал екінші раундта Үндістан боксшысы жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов