Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Бексұлтан Боранбек Азия чемпионатында атақты Дусматовты жеңіп кетті

Бексұлтан Боранбек Азия чемпионатында атақты Дусматовты жеңіп кетті

Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының сегізінші жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz

Жастар арасында әлем чемпионы, U23 санаты бойынша 55 келідегі Бексұлтан Боранбек кешкі сессияны бастап берді.

Отандасымыз жартылай финалда Өзбекстан боксшысы Фариозбек Дусматовпен күш сынасты.

3 раунд бойы шиеленісті өткен айқас 3:2 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді.

Фариозбек Дусматов - 2 дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың інісі саналады.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан