Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Нұрасыл Төлебек Азия чемпионатының финалына шықты

Нұрасыл Төлебек Азия чемпионатының финалына шықты

Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының сегізінші жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz

U23 санатындағы 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық Нұрасыл Төлебек Азия чемпионатындағы үшінші жекпе-жегін өткізді.

Жартылай финалда ол Таиланд өкілі Занапфансакон Каласираммен кездесті. Тартысты өткен айқаста қос боксшы алма-кезек басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің 3:2 есебіндегі шешімімен жеңіс Нұрасыл Төлебекке берілді.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан