Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Нұрбек Мұрсал Азия чемпионатының финалына өтті

Нұрбек Мұрсал Азия чемпионатының финалына өтті

Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының сегізінші жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz

U23 санатындағы 70 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал жартылай финалда Қатар өкілі Мохаммед Лкссад Дбичимен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек алдында Нұрбек айқын фаворит саналғанымен, қарсыласы да тура әрі дәл соққыларымен қарсылық көрсете білді. Әйтсе де техникалық шеберлігі мен басымдығын толық пайдаланған отандасымыз кездесуді өз бақылауында өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан